«Ата Заңым-айбыным» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы қарсаңында Қаратөбе ауылында аудан әкімшілігінде «Ата Заңым-айбыным» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға аудандық соттың, әкім аппаратының, прокуратура, аудандық маслихаттың,  «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының, Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының өкілдері және «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясының тілшісі қатысты.

Іс шараның басталуы Қаратөбе аудан әкімі аппаратының басшысы К.Сүйеуғалиевтің құттықтау сөзімен  ашылып, баяндамамен жалғасты.

Қаратөбе аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ш.Тұңғатарова іс шараға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, Конституция мемлекетіміздің негізгі Заңы екенін, Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданғанын, 30 тамыз 2015 жылы біздің еліміз Конституцияның 20 жылдығын атап өтетінін,  Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары осының барлығы еліміздің негізгі Заңында көрсетілгенін атап өтті.

Іс шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өткізіліп жатқан іс шараға қатысты басқа да сұрақтарды талқылап, кездесуді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.  

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі