Алимент өндіру туралы сот бұйрықтарын орындамаған борышкерлер әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 669 б. бойынша сот актісін орындамау фактісі бойынша екі әкімшілік істі қарады.

Тасқал аумақтық әкімдігінің жеке сот орындаушысы борышкерлерге қатысты әкімшілік хаттамасын рәсімдеген.

Іс материалдарына бойынша, Тасқала аудандық сотының сот бұйрықтарына сәйкес өндіріп алушылардың пайдасына құқықбұзушылар жалақыларынан және басқа да табыс көздерінен ¼ бөлігі мөлшерінде балалары кәмелетке толғанға дейін алимент төлеуге міндеттелген. Сот актілерін орындамау салдарынан 01.05.2017 жылға алимент бойынша берешектері 872 175 теңге және 2 182 801 теңгені құраған.

Құқықбұзушылар сот орындаушының сот актілерін орындау жөнінде бірнеше ескертпелеріне және сот актілерін орындамау салдары түсіндіргеніне құлақ аспаған.

 Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669 б. сай,  жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.

Сот қаулысымен құқықбұзушылар ӘҚБтК 669 бабымен кінәлі деп танылып,  2 және 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі