Адам өлтіріп, ауыр қылмыс жасаған айыпталушыны қамауға алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының ауруханада емделіп жатқан тұрғыны өзіне дене жарақатын келтірген адамды ұрып өлтірді.

Шыңғырлау аудандық сотының қаулысымен  ауыр дене жарақатын келтіріп, адам өлтірген,  ауданның 25 жасар тұрғыны қамауға алынды.

Тергеу органдарынан анық болғандай, екі жас жігіттер арасында бұрын төбелес болып, салдарынан  азамат Б. ми шайқалуы диагнозымен ауруханаға түскен. Болған оқиға туралы полиция органдарына шағым жасағанын білу үшін келген азамат С-мен қайтадан сөзге келіп, аурухананың ішінде басталған ұрыс-керістің арты үлкен төбелеске ұласып, аурухананың сыртында аяқталған. Төбелеске айыпталушының алдын ала сөз байласқан сыбайластары қосылған. Осыдан соң, Б. ауыр соққының нәтижесінде есінен айырыла бастаған С-ны есін жиған соң сөйлесемін деген ниетпен аурухана жанында тұрған «Газель» көлігіне салып алып кетпекші болады.

Алайда, С-ның басынан қан кетіп жатырғанын көрген соң өліп кетуі мүмкін екенін сезініп, аурухананың алдына тастап, ұялы телефон арқылы «103» телефонына хабарласып аурухана алдында бір адамның жатырғанын хабарлаған. Осыдан кейін оқиға орнынан бой тасалап отырған.

Сол күні С. ауыр дене жарақатынан көз жұмған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 103 бабының 3 бөлімімен қылмыс жасады деген күдікпен Шыңғырлау ауданының С. есімді азаматы ұсталған.

Тергеу органдары айыпталушына қамауға алу туралы өтінішпен сотқа жүгінген.

Сот айыпталушы Б. бұлтартпау шарасы ретінде 2 ай қамауға алуға  санкция берді.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі