Бөкей ордасы аудандық сотының ұжымы Батыс өңіріндегі Хан ордасы ауылында орналасқан тарихи-музей кешеніне барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын жүзеге асыру мақсатында судья Марат Шингалиев пен Бөкей ордасы аудандық сотының мамандары Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылындағы Бөкей ордасы тарихи-музей кешеніне барып, Бөкей мен Жәңгір Ханның басқару кезіндегі Бөкей ордасының білім мен даму тарихымен танысты.

Бөкей ордасы тарихи-музей кешені 1962 жылы 15 желтоқсанда Қазан төңкерісінің 45 жылдығына орай қоғамдық негізде ашылған Орда тарихи-революциялық музейінен бастау алады. Музейдің ұйымдастырушысы өлкетанушы А.Ю.Тажетдинов. Музей бастапқы кезде Орда тарихи-революциялық музейі деп аталып, Қазақстан бойынша сол кезеңдегі мұндай саладағы ең алғашқы музей болды. Музей 1967 жылы мемлекеттік музейлер санатына енгізіліп, 2002 жылы Бөкей ордасы тарихи-музей кешені дәрежесіне көтерілді. Бүгінгі таңда кешен құрамында «Бөкей ордасы тарихы», «Тәуелсіздік», «Хан сарайындағы қару-жарақ палатасы», «Бөкей ордасында халыққа білім беру», «Тұңғыш қазақ кеңестік баспаханасы» музейлері, Хан Жәңгір, күйші Д.Шығаев, ғалым М.-С.Бабажанов кесенелері құрайтын Пантеон және басқа да тарихи-мәдени архитектуралық ескерткіштері бар.

Музей қызметкерлері аудандағы сот ісінің дамуы жөнінде айтып өтті.

Тарихи мәліметтерге сәйкес, алғаш рет сот жүйесінің қалыптасуы Жәңгірдің кезінде болған. Ол  хан тағайындалғанда 1823 жылы азаматтық даулар мен жалпы құны 30 сом күміс ақшаға дейінгі істерді қарауға құқық берілгенімен  басталады. Одан ауыр қылмыстар сол кезде Бөкей ордасы Орынбор губернаторына бағынғандықтан Орынбор шекара комиссиясында қаралған. 1828 жылы Жәңгір хан өзінің кеңесшілерінен бір адамды прокурор қызметіне тағайындауды сұрайды. 1835 жылы хан ұлт және дін заңдарының қысқаша мазмұнын құрастырды. Жаңа сот жүйесі Бөкей Ордасында Кеңес үкіметі орнағаннан кейін басталады. 1918 жылы17 қарашада сот құрылымы жөнінде 1918 жылы17 қарашада сот құрылымы жөнінде №1 декрет қабылданады. Онда жергілікті сот бір судья мен екі сот мүшелерінен құралып, қылмыстық істер бойынша екі жылға бас бостандығынан айыру және азаматтық істер бойынша 3000 сомға дейін айыппұл сала алатыны көрсетілген. Бөкей ордасында Ш.У.Танашев алғашқы судья болды.

Танымдық экскурсия Бөкей ордасы ауданының айтулы оқиғалары мен тарихи құндылықтарымен шектестірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі