Тасқала аудандық соты

Тасқала аудандық сотының төрағасы 2023 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша брифинг өткізді

19/07/2023

Тасқала аудандық сотының төрағасы Алия Теберикова БАҚ өкілінің қатысуымен 2023 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша брифинг өткізді. 

Балықты заңсыз тасымалдағаны үшін айыппұл салынды.

08/06/2023

Тасқала аудандық соты балық аулау және балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабы 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

            Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Батыс Қазақстан Облысының Бәйтерек ауданының «Орал-Атырау» трассасының "Кушум" бекетінде автокөлікті тексеру кезінде салмағы 20 кг., жалпы сомасы 41 000 теңгені құрайтын балықты заңсыз иемдену, өткізу және әкелгені үшін аз.Ж. ұсталды.

Сот актісін орындамау үшін әкімшілік жауапкершілік.

16/05/2023

Қазақстан Республикасының Конституциясының 76 бабының 3 бөлігіне сәйкес, соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамаған үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Тасқала аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

«Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу» тақырыбына семинар сабақ өткізілді.

27/04/2023

Тасқала аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу» тақырыбына семинар сабақ өткізілді. Аталған шараға сот қызметкерлері қатысты.

Аудандық соты әкімшісінің басшысы М.Темиргалиева іс шара барысында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленгенін атап өтіп, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының талаптарын қатаң түрде сақтау керектігін айтты.

Мас күйінде жасалған қылмыс

27/07/2022

Алкогольді ішімдік ішу – әлеуметтік жағымсыз қылықтардың бірі. Маскүнемдік пен қылмыс бір-бірімен тығыз байланысты екенін бәрі біледі. Алкогольді шамадан тыс тұтыну бүгінгі күні жасалған қылмыстардың басым көпшілігінің нақты себебі немесе олардың жасалуына ықпал ететін жағдай болып табылады. Алкоголь ең алдымен адам психикасына кері әсерін тигізетіндіктен, оны жағдайға сыни көзқарастан айыратындықтан, бұл қылмыстар қисынсыз және қатыгез болып табылады.

Мал ұрлығы және жазалау

30/06/2022

Мал ұрлығы мәселесі біздің еліміз үшін, әсіресе мал шаруашылығы кейде жалғыз табыс көзі болып табылатын ауыл тұрғындары үшін өзекті екені белгілі. Мал ұрлығы - ақша табудың ең қарапайым әдістерінің бірі, сондықтан оңай жолмен байығысы келетін адамдардың саны аз емес.

Мәселен, Тасқала аудандық сотымен қылмыстық кодекстің 188-1 бабының 2-бөлігінің  1-тармағымен "Мал ұрлығы" бойынша қылмыстық іс қаралды.

Ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/05/2022

Тасқала аудандық соты ӘҚБтК-нің 434 б 1 б әкімшілік құқық бұзушылық іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сәйкес, құқық бұзушы «А» масаң күйінде бола тұра дүкен ішінде «Д» жәбірленушіге қатысты былапыт сөздерді айтып, сыйламаушылық көрсеткен.

Құқық бұзушы «А» өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, өкінетінін білдірді.

Жәбірленуші «Д» сот отырысында  құқық бұзушының осындай әрекеттері жиі болатынын, осыған дейін оны кешіргенін, алайда ол өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастыратынын, сол себептен  оны кешірмейтінін айтып, жазалауын сұрады

Мал ұрлағандар - қатаң жазаланады

26/04/2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мал ұрлаушыларға  жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарынын күн көрісі малмен айналысу болып отыр. Ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын дамыту үшін субсидиялар беріледі. Мал басының  құны бұрынғымен салыстырғанда үнемі  өсіп келеді.

Мал ұрлау –пайда табудың ең оңай істерінің бірі, осыған байланысты жеңіл еңбекпен байығысы келетіндердін де саны аз емес. 

27.12.2019 жылғы №292-VI  Заңымен  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне мал ұрлығына қатысты арнайы бап еңгізілді

ЖКО-мен келтірілген материалдық залалды және моральдық зиянды өндіру туралы бойынша дау медиация тәртібімен шешілді

21/04/2022

Тасқала аудандық соты жол-көлік оқиғасымен келтірілген материалдық залалды және моральдық зиянды өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатты.

Талап қоюшы С. 2019 жылдың шілде айында жауапкер К-тің кінәсімен жасалған жол-көлік окиғасы нәтижесінде, оның автокөлігіне материалдық залал келтірілгенін, жауапкерден 545 000 теңге материалдық залал, 500 000 теңге  моральдық зиян, 150 000 теңге заңгер көмегін, 8 209 теңге нотариалдық төлемдерін өндіруді сұрап, сотқа талаппен жүгінген.

Беттер