Сот актісін орындамау үшін әкімшілік жауапкершілік.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Конституциясының 76 бабының 3 бөлігіне сәйкес, соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамаған үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Тасқала аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сай, құқық бұзушы атқарушылық іс жүргізу бойынша кәмелеттік жасқа толмаған балаға 1/4 бөлігінде алимент төлеуші болып табылады. Құрылған қарыз сомасын өндіру туралы сот орындаушысының бірнеше жолданған ескертпелеріне қарамастан, борышкер сот актісін орындамаған нәтижесінде 01.04.2023 жылға алимент бойынша 687281 теңге мөлшерінде қарыз сомасы құрастырылған.

Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, тұрақты жұмыс болмағандықтан сот актісін орындауға мүмкіндік жоқ екені туралы түсініктеме берді. Сонымен бірге, халықты жұмыспен қамту орталығының есебінде тұрмайтынын мойындады.  

Іс материалдарын зерттеп, сот құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің аталған бабымен кінәлі деп танып, 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, Тасқала аудандық соты 2023 жылдың бүгінгі күнге дейін 8 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен қарап, 7 құқық бұзушыға қатысты жаза ретінде әкімшілік қамаққа алу, 1 құқық бұзушыға жалпы 12075 теңгеге әкімшілік айыппұл салынғаны атап айту қажет.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі