Балықты заңсыз тасымалдағаны үшін айыппұл салынды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты балық аулау және балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабы 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

            Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Батыс Қазақстан Облысының Бәйтерек ауданының «Орал-Атырау» трассасының "Кушум" бекетінде автокөлікті тексеру кезінде салмағы 20 кг., жалпы сомасы 41 000 теңгені құрайтын балықты заңсыз иемдену, өткізу және әкелгені үшін аз.Ж. ұсталды.

2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының «ветеринариялық препараттарды беру қағидаларын бекіту туралы» 32-тармағына сәйкес балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) 5 (бес) килограммнан артық тасымалдау кезінде бекітілген нысан бойынша балықтың қайдан ауланғаны туралы ветеринарлық дәрігерден анықтама қажет.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындап, Жаңғала ауданы Жаңғала ауылынан жеке тұтыну үшін балық сатып алғанын, тиісті құжаттары жоқ екенін түсіндірді.

            Тасқала аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 24150 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, 20 кг. балық  мемлекет пайдасына тәркіленіп, 41 400 теңге мемлекет пайдасына залал өндірілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі