Тасқала аудандық сотының төрағасы 2023 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотының төрағасы Алия Теберикова БАҚ өкілінің қатысуымен 2023 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша брифинг өткізді. 

Кездесуде 2023 жылда атқарылған жұмыстары туралы есептік көрсеткіштерін хабарлады. Сот көрсеткіштері бойынша өткен 1 жартыжылдығында 10 қылмыстық, 68 азаматтық және 154 әкімшілік істер аяқталды. Жалпы қаралған істердің санынан электронды форматта 100% қаралды. Татуласу рәсімдерін қолдану аясын кеңейту мақсатында, медиация тәртібімен 1 қылмыстық іс немесе 10%, 4 азаматтық немесе 5,8% және 14 әкімшілік іс немесе 9 % қысқартылғанын атап өтті.

Брифинг  соңында сот төрағасы тілшінін  қойылған сұрақтарына жауап беріп,  шараға қатысқаны үшін БАҚ өкіліне ризашылығын білдіріп, әрі қарай бірлесе жұмыс жасауды тілек етті.  

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі