Дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Казталов ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен соттардың жүктемесін азайту мақсатында неке қатынастарының даулары бойынша заңдарды қолдану тақырыбында WhatsApp  мессенджері арқылы онлайн  дөңгелек үстел өткізілді. Іс –шараға  Казталов ауданының №2 аудандық сотының судьясы С.Уразгалиева, Казталов ауданы АХАТ бөлімінің өкілі Б.Қадырғалиева, Жалпақтал ауылдық округінің медиаторы Ғ.Ахметовалар қатысты.

Дөңгелек үстелді  ашқан судья С.Уразгалиева, өз сөзінде Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы туралы» кодексінің талаптарына тоқтала келіп , аудандық АХАТ бөлімінің қызметін қазіргі заңнама талабына сәйкес жандандыру керектігін айтты. Жасы кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың біреуінің нотариус куәландырған немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған жазбаша арызына сай дауды сотқа дейін жеткізбей неке бұзу құқықтарының рәсімделуі қажеттігіне тоқталды.

Судья, АХАТ тарапынан «Неке шарты» институтын қолдануды насихаттау жұмыстарын, сондай-ақ дауды сотқа дейін татуластыру мақсатында медиаторлармен ортақ жұмыстарды арттыру қажеттігін атап өтті. Казталов аудандық АХАТ бөлімінің өкілі дөңгелек үстел барысында отбасылық даулар бойынша жиі туындайтын мәселелерді талқылып, пікір алмасты.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі