Теректі аудандық №2 соты «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасын енгізу бойынша тапсырмаларын түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық №2 соты Ақжайық селолық округінің ғимаратында «Электронды қылмыстық іс» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. Бұл шара құқыққорғау орғандарының өкілдерінің, селолық округі әкімдерінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен өтті.

Сот төрағасы Ибрагим Ниязғалиев шараны ашып, сот өндірісіне «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасының енгізіліп жатқандығы туралы айтты. Спикердің сөзінде, цифрлы технологияның енгізілуі  қылмыстық сот өндірісінің ашықтығын арттырып, процессуалдық емес жақындасуларды азайтып, шешім қабылдауды жылдамдатындығы, соттөрелігіне кедергісіз қолжетімділікке жеткізіліп, сөйтіп процеске қатынасушылардың құқықтарын қорғауды жақсартатынғы, сонымен бірге құжатайналымдағы қағазбастылықты азайтатындығы айтылды.

«Дөңгелек үстел» қатынасушылары қылмыстық процестегі жаңалыққа оң көзқарастарын білдірді.

Сот төрағасы кездесуді аяқтай келе, қатынасушыларға ақпараттық технологияны сотөндірісінде және күнделікті өмірде белсенді қолдануға шақырды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі