Тасқала аудандық соты есепті мерзімдегі жұмысты қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотының төрағасы Асланбек Дүйсенғалиев ағымдағы жылдың  жартыжылдығында атқарылған жұмыстың қортындысы бойынша аудандық «Екпін» газетінің тілшісінің қатысуымен  брифинг өткізді.

Кездесу барысында А.Дүйсенғалиев 2017 жылдың 6 айында  былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда әкімшілік істердің көбейгенін, қылмыстық және азаматтық істердің азайғанын айта келе статистикалық мәліметтерді хабарлады.

Кездесуде спикер ағымдағы жылдың басынан бастап медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында Жоғарғы Сот «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосқанын, нәтижесі бойынша 12 іс аяқталғанын айтып өтті. Аталған пилоттық жоба бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желісінде кеңінен насихатталып, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін көрсетті. Сонымен қатар, жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізумен  31 азаматтық іс аяқталғанын атап өтті.

Есепті мерзімде 20 тұлғаға қатысты 20 қылмыстық іс аяқталғанын, соның ішінде 9 сотталушыға қатысты 9 іс медиация тәртібімен қысқартылғанын, 11 сотталушыға қатысты айыптау үкімдері шыққанын баяндады.

Брифинг  соңында сот төрағасы тілшінің сұрақтарына жауап беріп,  шараға қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі