Сот жұмыскердің бұзылған еңбек құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 соты қала тұрғыны ЖШС-не еңбек келісім шартын бұзу бұйрығын заңсыз деп тану, бұрынғы лауазымға қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген бүкіл уақыты үшін жалақысын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот талқылау барысында, еңбек келісім шартын бұзу туралы бұйрықта және қолданыстағы еңбек заңнамасын бірқатар бұзушылықтары жасалғаны анықталды.

 Сот талапкерді жұмыстан шығаруға негіз таппай еңбек келісім шартын бұзу бұйрығын заңсыз деп танып, бұрынғы лауазымына алынсын деп шешім шығарды.

Сот шешіміне сәйкес, талапкердің пайдасына  амалсыз бос жүрген бүкіл уақыты үшін жалақысы және соттағы өкіл қызметіне шығын өтемі өндірілді.

Сонымен қатар, осындай қәтеліктер  тағы қайталанбау мақсатында, сот ЖШС-нің атына жеке ұйғарым шығарып, еңбек және атқарушы заңнаманың бұзылғанын БҚО Енбек инспекциясы басқармасына мәлімет үшін жолдады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.