Сот заңсыз әрекетсіздік танытқан үшін мемлекеттік мекемеге жеке ұйғарым шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық №2 соты азаматтың құқығы мен заңды мүддүлерінің бұзылуы бойынша мемлекеттік мекеменің атына жеке ұйғарым шығарды.

 Жеке ұйғарым азамат А-ның Орал қ. Әкімдігі мен «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді жекешелендіру туралы мәселесін қарау бойынша әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы  арызын қарау нәтижелері бойынша шығарылды.

Сот аталған азаматтық істі қарау барысында «Мемлекеттік қорынан үйлерді жекешелендіру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 2  шілдедегі №673  Үкіметінің қаулысымен реттелетін тұрғын үйді жекешелендіру туралы өтініштерді қарау Тәртібі бұзылғанын аңықтады.

Сот анықтағандай, тұрғын үйді жекешелендіру туралы азамат «А» өтінішіне үйді жекешелендіру мәселесін қаруға уәкілетті емес, ТҮКШжТҮ бөлімі басшысының орынбасары Н. жазбаша жауап берген.

Сот жауапкерлердің тұрғын үйді жекешелендіру туралы өтінішін қарау мәселесі бойынша әрекетсіздігін заңсыз деп танып, талапкердің конституциялық құқықтарымен заңды мүдделеріне нұқсан келтірген жауапкерлердің тарапынан кеткен кемшіліктерді сот шешімі заңды күшіне енген кейін, бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жоюды міндеттеді

Жоғарыда аталғандардың негізінде және ҚР АПК-нің 270 б. басшылыққа ала отырып, сот  жоғарыда аталған мән-жайларға тиісті шаралар қолдану үшін, ТҮКШжТҮ бөлімі басшысының орынбасары жіберген заң бұзушылықтар туралы «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшылығының атына ұйғарым жолдады.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі