Сот шешімімен мүлік тыйым салудан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Орал қаласының №2соты қала тұрғынының мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Іс-материалдарынан көрінгендей, 2006 жылы талапкер мен жауапкердің арасында сатып алу-сату келісім шарты жасалған, оған сәйкес соңғысы талапкерге тиесілі екі бөлмелі пәтерді сатып алған. Сатып алу-сату келісім шартын жасасқаннан кейін жауапкер белгісіз себептермен мәмледен бас тартып, қаражатты қайтарып беру туралы талап қойған. Сол себепті талапкер жауапкерге төленген соманы толық көлемде қайтарған. Қазіргі уақытта аталған пәтерді талапкер пайдалануда және оны күтіп ұстау жөніндегі ауыртпалығын көтеріп келеді. Сондықтан сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Сот ұйғарымымен іс бойынша медиациялық келісім сотпен бекітілген.  Оның шарттары бойынша жауапкер келісімге қол қойғаннан бастап 10 күнтізбелік  күн ішінде қайта тіркеуді өткізуді міндетіне алған. Алайда, жауапкерден  ЖШС-нің пайдасына соманы өндіру туралы атқарушылық өндіріс шеңберінде мемлекеттік сот орындаушысымен пәтерге тыйым салынған. Бұл әділет органдарында пәтерді қайта тіркеуден өткізуге кедергі болып, қазіргі уақытта жауапкер медиациялық келісім талаптарын орындай алмай отыр.
Сот мәжілісінде тыйым салынған жылжымайтын мүліктің нақты меншік иесі талапкер екені аңықталды.
Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі