Сот пилоттық жоба аясында еңбек дауын шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты ЖШС-ден еңбекақы және моральдік зиянды өндіру туралы төрт талапкердің арызы бойынша азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Пилоттық жоба аясында сотқа дейінгі істердің кейбір санаттары бойынша медиация тәртібін енгізуге қатысты, тараптарға аталған жобаға қатысуға хабарлама жолданған.

Сот қарау барысында тараптар пилоттық жобаға қатысуға ниет білдіріп, шарттары бойынша талапкерлер өз талаптарынан толық көлемде бас тартатындарын, ал өз кезегінде жауапкер мерзімде талапкерлерге еңбекақы сомасын және моральдік зиянды өтеуге міндеттелді.

Тасқала аудандық сотының ұйғарымына сай, еңбекақы және моральдік зиянды өндіру туралы өндірісі судья-медиатор медиация рәсімін өткізуіне байланысты қысқартылды.

 Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.  

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі