Сот еңбек дауын бітімгершілік келісіммен бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов ауданының №2 соты жұмысқа қайта орналастыру және жұмыссыз жүруге мәжбүр болған мерзімдегі жалақыны өндіру туралы  азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімді бекітті.

Сотта анықталғандай, талапкер 2017 жылдың 16 сәуіріне дейін Зеленов ауданының жергілікті әкімдігіне газ қазандығының операторы болып жұмысқа қабылданған, бірақ  келісілген мерзім аяқталмай тұрып, жұмыс беруші өз еркімен жұмысшымен арада жасалған еңбек келісім-шартын бұзған. Бұнымен келіспеген талапкер жоғарыда аталған талаптарға сәйкес сотқа жүгінген.

Сот отырысы барысында жауапкердің өкілі және талапкер белгіленген шарттар бойынша бітімгершілік келісім жасасып, шарттары бойынша 2017 жылдың мамыр айының соңына дейін талапкердің қалауы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, ал талапкер талаптарынан бас тартады.

Сот, ҚР АІЖК-нің 277, 278 б. 5 т. негізінде бітімгершілік келісім бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі