Сот 8 миллион теңгеден астам берешекті өндіру туралы іс бойынша медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік екінші серіктестіктен келісім-шартты орындамауына байланысты 8 492 834 теңге мөлшерінде берешек соманы өндіруін сұрап, сотқа жүгінген. Талапкердің айтуынша жауапкер хабарламаларға құлақаспаған, осыған байланысты бұзылған құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация рәсімі бойынша реттеу туралы медиативтік келісімді бекіту туралы өтініш ұсынған. Сот келісімді қабылдап, бекітіп, іс бойынша өндірісті қысқартты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: