Отбасы сот медиациясының көмегімен сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Таскала аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық істі сот медиациясы тәртібімен қысқартты.

Талапкер  некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгініп, арызында 1999 жылы жауапкермен заңды некеге тұрып, осы некеден екі кәмелетке толмаған балалары бар екені, жауапкермен мінездері жараспауына байланысты жиі жанжал болатынын көрсеткен.

Азаматтық процестік кодекстің 165-бабының, 16-тармағына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндігі туралы хабарлама жолданды.

Істі сот отырысына әзірлеу барысында тараптар пилоттық жобаға қатысуға тілек білдіріп, судья-медиатордың көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу келісім ұсынып,істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Келісім бойынша талапкер қойылған талаптардан бас тартып, ал жауапкер отбасыны сақтауға барлық мүмкіншілік жасауға міндеттелген.

Тасқала аудандық сотының ұйғарымымен судья-медиатормен өткізілген медиация процедурасының нәтижесінде некені бұзу туралы азаматтық іс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі