Оралда базалық сот судьялық лауазымға үміткерлерге дайындық курстарын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының базалық №2 соты болашақта судья лауазымына  біліктілік емтихан тапсыруға ниет білдірген мамандарға дайындық курстарын ұйымдастырды

Шараны ашқан  Орал қаласының  №2 сотының төрағасы Азамат Бурамбаев Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес 2016 жылы судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар едәуір күшейтіліп, біліктілік емтиханның өткізу тәртібі қатаңдатылуына байланысты сот жүйесі мамандарының біліктілік емтиханын тапсыруға қатысуы белсенді емес немесе олар қанағаттанарлықсыз баға алуларына байланысты Оқу орталығымен біліктілік емтихандарын тапсыру бойынша арнайы дайындау курстарын жүргізіп тұратындығы туралы айтты.

Дайындау курстарының бірінші сабағын Орал қаласының  №2 сотының судьялары Сәуле Жұмабекова және Альбина Әбілкаримова жүргізді.

Орал қаласының  №2 сотының Сауле Жумабекова өз тәжірбиесімен бөлісе отыра, судьялыққа кандидаттар әрқашанда өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуын кажіттілігін қоса, өзінің жеке және моральдық қасиеттері ең жоғары  мінез-құлық стандарттарға келу керектігін тоқтап өтті

Тағылымдаманың қорытындысы бойынша оң қорытынды алған судьялыққа үміткерлер Нұргүл Нығметова өзінің бір жылдық тағылымдамадан өткен  тәжірибесімен бөлісті

Н.Нығметова айтуынша, мемлекет тарапынан судья болам деушілерге бар жағдай жасалып отыр, ал сот жүйесінің қызметкерлеріне артықшылықтар бар. Үш жылдық жұмыс өтілі бар сот отырысының хатшысы екі жыл Академияда оқыған соң заң саласында он жылдан астам өтілі бар және сот жүйесінде 5 жылдан артық жұмыс істеген өзге судьялық лауазымға үміткерлермен тең дәрежеде конкурсқа қатыса алады. Оқу мерзімінде оның жұмыс орны мен еңбек ақысы сақталады. Тәлімгер тағылымдамадан өту кезеңінде судья жалақысының 70 пайызы мөлшерінде төлемақы алып отырады.

Кездесу соңында судьялыққа кандидаттар мен сот мамандары судьяларға сауалдарын қойды. Іс-шараға қатысушылар пайдалы кездесу үшін ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

 

 

   

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі