Орал қаласының №2 сотында мемлекеттік тілін меңгеру бойынша сайыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 сотында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді жетік меңгеру бойынша сайыс өткізілді.

Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейту.

Аталған іс шараға Орал қаласының №2 сотының төрағасы Азамат Борамбаев, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Гүлжайна Бисенгалиева, судьялар және кеңсе мамандары қатысты.

Байқауға қатысушылардың міндеті - қазақ тілін жетік меңгеретінін көрсете білу. Бағалау үш сайыстын қорытындысы бойынша есептелді. Бірінші  – ауызекі сөйлеу, екінші  – қазақ тілінің грамматикасын білу, үшінші  – іс жүргізуде пайдалынатын терминдердің аудармасын беру.

Тамсырмаларды ең жақсы орындаған қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шараны қортындылай келе, әділ қазы алқасының төрайымы, Г.Бисенгалиева қатысушылар мен ұйымдастырушыларға көрсеткен белсенділік пен ұйымшылық  үшін алғыс білдірді.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.