Орал қалалық сотында «Медиация туралы» Заңының қолданылуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының соттары медиация институтын дамыту үшін мақсатты түрде жұмыс жүргізуде.

2011 жылы  елімізде ҚР «Медиация туралы» Заңы қабылданды, аталған заң азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа қатынастар бойынша тараптар арасында туындаған дауларды шешу мәселелерін реттеуде, сонымен қатар  орта, аса ауыр емес қылмыстар бойынша қолданылады. 

Құқық саласындағы медиация -тараптардың осы талас-тартыста мүдделі емес үшінші тарап – медиатордың қатысуымен дауларды баламалы реттеу технологиясы нысандарының бірі болып табылады. Бұл ретте медиация дауды ыңғайлы шешіудің баламалы   түрі болып табылады. Мәні бойынша медиация дауда кімнің дұрыс кімнің бұрыстығын анықтаудан бұрын, сындарлы шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.

Қазіргі таңда сот процесіне қатысушылар, адвокаттар және тараптардың басқа өкілдері дауларды бітімгершілікпен шешу мүмкіндіктерін белсенді қолдануда.

Орал қалалық соты азаматтар арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сот талқылауын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріледі.

Соттың өндірісінде 2017 ж. басынан қазірге дейінгі аралықта медиация рәсімін қолданумен 100 қылмыстық іс қысқартылды. Жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтың ауырлығы негізінен аса ауыр емес, орташа  дәрежелі қылмыстар және қылмыстық теріс қылық туралы істер (жеке меншікке қарсы қылмыстар – ұрлық жасау , отбасылық қатынастардағы қылмыстық теріс қылықтар).

«Медиация туралы» заңын қолдану бойынша жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі