Онлайн-режимінде өткен семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 аудандық сотымен «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, оның негізгі талаптары» тақырыбында семинар өтті. Бұл шараға  Казталов ауданы прокурорының аға көмекшісі Сырдаш Зихруллаев, Жалпақтал  полиция бөлімінің бастығы Елжан Айталиев және  Жалпақтал ауылдық округінің әкім Әлия Жақсыбаева қатысты. 

Судья Самал Оразғалиева өз сөзінде ӘРПК-нің жалпы ережелері туралы айтып, осы заңның ең  басты мақсаты - жоғары тұрған органдар мен сот органдарындағы дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін құру, сондай-ақ азаматтарға процестерге нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын біріктіру басқарушылық шешімдер болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, әкімшілік сот ісін жүргізудің міндетінде әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылатынын айтты.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылдануы мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігінің артуына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және сот жүйесінің ауыртпалығының төмендеуіне әкеледі.

Сондай-ақ, спикер іс-шараға қатысушыларға әкімшілік іс жүргізу қағидаларын және олардың мағынасын, сондай-ақ заңмен реттелетін құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін түсіндірді.

Іс шара соңында баяндамашы өз кезегінде қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Батыс-ҚазаҚстан облыстық сотыныңбаспасөз қызметі