Нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындамағаны үшін аудандық балабақша меңгерушісіне қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 462 б. 3 б. әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Тасқала аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аудандық балабақшаға  ерекше тәртіппен өртке қарсы жағдайға жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша қайталап тексеруге дейін, өрт қауіпсіздігі талаптарының барлық бұзушылықтарын  жою туралы балабақша меңгерушісіне нұсқама берген.

Сот  балабақша меңгерушісін кінәлі деп таныды және 15 АЕК мөлшерінде 34 038 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі