Некені бұзу туралы екі іс пилоттық жоба шеңберінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Таскала аудандық соты неке бұзу туралы екі азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Дауларды (Жанжалдарды) медация тәртібімен  сотқа дейінгі реттеуді енгізу пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде, сот тараптарға пилоттық жобаға қатысу мүмкіндігі туралы хабарлама жолдады. Сот талқылауына дайындау барысында тараптар  медиацияны судьямен өткізу туралы өтініш ұсынып, сонымен бірге келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады.

Келісімге сәйкес, талапкерлер қойылған талаптардан бас тартып, ал жауапкерлер отбасыларын сақтауға барлық мүмкіншілік жасауға міндеттелген.

Тасқала аудандық сотының ұйғарымдарымен, судьялардың медиация рәсімін өткізу нәтижесі бойынша некені бұзу туралы азаматтық істер қысқартылды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі