Медиацияда жеңілген тарап болмайды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Медиация — бұл істің нәтижесіне мүдделі емес, тәуелсіз, бейтарап, үшінші нысанның қатысуымен өтетін тараптар арасындағы дауды балама реттеу.

Судьяның іс жүргізілуінде жатқан азаматтық іс қозғалғаннан кейін сот ұсынысы бойынша дауды (дау-шарды) сот медиациясы арқылы реттеу рәсімі ұсынылады.

Сот медиациясын жүргізу мүлдем тегін процесс және әдеттегі сот талқылауы барысындағыдай емес процеске қатысушылардан ешқандай қосымша шығындар талап етпейді, сондай-ақ медиаторлар мен жұмсалған шығындар мен қызметтерді төлеуге жүктемейді.

Осыған сәйкес БҚО Зеленов ауданының №2 сотында сот медиациясы бойынша жол-көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы тараптар арасындағы азаматтық іс өндірісін бітімгершілік келісіммен қысқартылды. Бұдан басқа, сот талап-арыз беру кезінде талапкермен төленген мемлекеттік бажды толық көлемде қайтарды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі