Медиация отбасының бұзылуын сақтап қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық №2-ші соты некені бұзу туралы азаматтық істі  медиация тәртібімен қысқартты.

Талапкер  некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгініп, арызында 2010 жылы жауапкермен заңды некеге тұрып, осы некеден екі кәмелетке толмаған балалары бар екені, жауапкермен мінездері жараспауына байланысты жиі жанжал болатынын көрсеткен.

Азаматтық процестік кодекстің 165-бабының, 16-тармағына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндігі туралы хабарлама жолданды.

Істі сот отырысына әзірлеу барысында тараптар пилоттық жобаға қатысуға тілек білдірді. Сотта тараптар дауды «Медиация туралы» Заңының тәртібімен шешу мақсатында кәсіпқой емес медиаторға жүгініп, медиатор арқылы  өзара  келісімге келгендерін айтып, «Дауды (дау-шарды)  реттеу  туралы» жасалған келісімді ұсынды. Аталған келісім бойынша талапкер мен жауапкер бір ымыраға келіп, отбасын сақтап қалу мақсатымен некені бұзудан бас тартып,  азаматтық істі қысқартуды сұрады.

    Сот тараптардың сотқа ұсынған келісімінің мазмұнымен танысып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді зерттеп, ол заңға қайшы емес, екі жақтың мүддесін көздей отырып жасалған, басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзбайды және АПК-нің 176-177 бабының талаптарына сай келеді деп тапты.

Теректі аудандық №2-ші сотының ұйғарымымен некені бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі