«Медиация күніне» арналған «Ашық есік күндері»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылдану күні қарсаңында Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде «Медиация күні» республикалық акциясын өткізу жоспарланған.

Дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясымен бірігіп Тасқала аудандық соты  Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымының өкілдерінің қолдауымен «Медиация күні» акциясына арналған «Ашық есік күнін»  өткізді.

 Аталған шараға аудандық әкімдік, ішкі істер бөлімінің,  прокуратураның  өкілдері,    ауданының кәсіби және кәсіби емес медиаторлары,  бұқаралық ақпарат өкілдері және сот қызметкерлері қатысты.

Шара барысында аудан медиаторлары азаматтардың медиацияның қолдану саласы, медиаторлардың құқықтық жағдайы, медиацияны жүргізу жағдайы және дауды реттеу туралы келісімге келудің салдары туралы сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі