Қылмыстық сотының төрағасы Қ.Шалқаров «Ашық есік күнін» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызметші  күніне  орай, «Ашық есік  күні»  өтті. Қабылдауды төраға  Қ.Шалқаров   өткізіп,  шараға  «Приуралье»  газетінің  тілшісі СаидаТөлегенова  қатысты.

Сот төрағасы тілшімен сұхбаттаында «100 нақты  қадам»  Ұлт жоспарымен қарастырылған,  сот жүйесін реформалауға бағытталған міндеттер қазіргі таңда іске асырылғанын айтты.  Бес сатылы сот жүйесінін орнына үш сатылы сот төрелігі жүйесі құрылды. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеуде біліктілік талаптары өзгертілді. Мемлекеттік басқару Академиясының сот төрелігі институты Жоғарғы Соттың жанындағы сот төрелігі Академиясы болып өзгертілді. Судьялардың қоғамда, тұрмыста және профессионалдық тұрғыда мінез-құлық тәртібін реттейтін Судьялардың  Этикалық кодексі қабылданды. Барлық соттарда сот отырысы АБЖ жүйесімен қамтамасыз етілді. ҚПК-нің 55 бабы 31.10.2015 жылғы Заңымен, тергеу судьялары қарау, тінту, алу, жеке тінту санкцияларын беретіні жөнінде қағидамен толықтырылған. Жоғарғы Сотта ауқымды инвесторлардың арасында инвестициалық дауларды қарайтын мамандандырылған сот алқасы жасайды. Қазақстандық сот төрелігін дамыту сұрақтары бойынша Жоғарғы Сотқа кеңес беру үшін Халықаралық кеңес құрылған.

Қ.Шалқаров басқарып отырған соттың жұмысына тоқталып, сот құрамы 3 судья, 11 маманнан тұратынын, штат құрамы толықтырылғанын, судьялардың жүктемелері көрсеткіштен аспайтынын хабарлады. Сонымен қатар, аса ауыр қылмыстық істер және алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер соттың ерекшелігіне жататыны түсіндірілді. Реформаны жандандыру шеңберінде алқабилердің юрисдикциясы 4 қылмыс құрамымен толықтырылды: ҚК-нің 125-бабы 3-бөлігі, 128-бабы 4-бөлігі, 132-бабы 5-бөлігі, 135-бабы 4-бөліктерімен. Егер 2015 жылы алқабилердің қатысуымен бірде-бір қылмыстық іс қаралмаса, 2016 жылы және 2017 жылдың 5 айында бір істен қаралған.

Тілшінің барлық сұрақтарына  заң тұрғысынан толық  жауап  берілді.

Іс-шараның соңында сот төрағасы тілшіге шараға қатысқаны үшін ризалығын білдіріп, алдағы уақытта бірігіп қызмет атқаруға сенімін білдірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: