Қылмыстық іс сот бұйрық тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 340-бабы 2-бөлігімен (орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау)  қылмыстық теріс қылық жасаған туралы   бір  қылмыстық істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде  қарады.

Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі ҚР ҚПК-нің 629-1 бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сай, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша іс егер,  жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың санкциясы негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды көздесе  қолданылатыны көрсетілген.

Сот іс бойынша  жинақталған құжаттарды зерттеп, сотталушының кінәсі толық дәлелін тапты деп танып, оған    60 125 теңге айыппұл  жазасын тағайындады, тағайындалған айыппұл толық мөлшерінде орындалды.  

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі