ҚР-ның заңнама нормаларын сақтамағаны үшін ел шегінен шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық сотында Ресей Федерациясының азаматын ҚР заңнамасының бірнеше нормаларын бұзғаны үшін Қазақстан Републикасының шегіне шығарып жіберу туралы БҚО ІІД-нің арызы қаралды.

Іс материалдарына сай, 2016 жылы Ресей азаматына қатысты бұзақылық және ұрлық белгілерімен бірнеше қылмыстық іс қозғалып, тараптардың татуласуына байланысты қысқартылған болатын.

Сот, аталған жеке және жариялы мүдделер балансын ескере отырып, шетелдік тұлғаны қылмыстық құқық бұзушылықтар жасап, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына байланысты оны Қазақстанда қалдыруды орынсыз деп тапты. Сонымен бірге аталған тұлғаның Қазақстан Республикасында некеде тіркелмегені, балалары жоқ екні анықталды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі