Сот кәмелетке толмағанның заңды өкіліне айыппұл салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық  соты кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болу фактісі бойынша әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес,  жасы кәмелетке толмаған жасөспірім заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны,  бұрын  ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін  кәмелетке толмағанның анасы ҚР ӘҚБтК-нің 442 б. 2 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, құқық бұзушының кінәсін толығымен  моыйндайтыны туралы өз берген түсініктемелерімен және іс материалдарымен дәлелденді.

Бірнеше рет түнгі уақытта кәмелетке толмағанның заңды өкілсіз еріп жүргені үшін, сот құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің 442 б. 3 б. әкімшілік жауапкершілікке тартып,   әімшілік жаза ретінде  31 815 теңге айппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі