Алкоголь өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 282 б. 3 б. 7 т бойынша Б.В.Степанищевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына анық болғандай,  БҚО Тасқала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұйғарымы негізінде салық инспекциясының  алкогольдық өнімдеріне ақцизделетін және есептік-бақылау маркалардың тұпнүсқасының бар болуына тақырыптық тексеру жүргізілген.

Тексеру барысында Б.В.Степанищевтың мемлекеттік нөмері L 549 BA «Газель» маркалы автокөлігімен   тиісті құжаттарсыз алкоголь өнімдерін  тасымалдағаны анықталған.

Аудандық сотының қаулымен Б.В.Степанищев ҚР ӘҚБтК 282 б. 3 б. 7 т кінәлі деп танылып, оған 99 100 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, жалпы 13 380 теңге  сомаға алкоголдік өнімдерді мемлекет кірісіне  тәркіледі.     

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі