Көліктегі құқықбұзушылықты жасаған 54 тұлға жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық соты ағымдағы жылдың 6 айында ӘҚБтК 30-тарауы «Көліктегі  әкімшілік құқықбұзушылықтар» бойынша құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 54 әкімшілік іс қарады.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру), 610-бабы бойынша  (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы), 611-бабы (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Теректі аудандық сотының қаулыларымен жоғарыда көрсетілген 54 құқықбұзушы тұлға кінәлі деп танылып, 35 құқықбұзушыға көлік құралын басқару құқығынан айыру, 4 тұлғаға әкімшілік  қамау жазасы, 15 азаматқа  жалпы сомасы 335 121 теңгені құрайтын айыппұл салынып, оның ішінде өз еркімен төлеген соманың құны 289 741 теңгені құрады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі