Электрлі қаруды тиісті рұқсатсыз сақтау жауаптылыққа әкеп соғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық соты ішкi iстер органдарында тiркелмеген  электрлі қаруды заңсыз сақтау белгілері бойынша әкімшілік істі қарады.

Электрлі шокерлер міндетті тіркеуге жататынын ескеру қажет. Арнайы рұқсат алған жағдайда ғана оны сатып алуға, сақтауға және алып жүруге болады.

Зеленов АІІБ қызметкерлері рейдтік шаралар жүргізу барысында аудан тұрғынынан ішкі істер бөлімінің тиісті рұқсатынсыз 5000 к/вольтті «800 TYPE» маркілі электрошокерін алған. Сараптамашының қорытындысына сәйкес, алынған зат зауытта шығарылған пайдалану үшін жарамды «электрлік қару» санатына жатады.

Сот құқықбұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің 482 б. 1 б. көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танып, электрлік қаруды тәркілеп, 20 АЕК мөлшерінде 45 380 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі