Борышкерге іздеу жариялау туралы ұсыныс қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 соты алименттік төлемдердің атқарушылық өндірісі бойынша борышкерге іздеу салуды жариялау туралы Жеке сот орындаушысы К-ның ұсынысын қарады.

Жеке сот орындаушысы борышкердің алименттік төлемдер бойынша қарызы бар екенін, атқару парағында көрсетілген мекен-жайда тұрмайтынын көрсетіп, оған іздеу жариялауды сұраған.

Сот отырысында борышкердің алименттік міндеттеме бойынша ешқандай қарызы жоқ екені, кәмелетке толмаған балаларың күтіп-бағу үшін ай сайын алимент төлей отырып, сот шешімін ерікті түрде орындайтыны, сонымен қатар, жеке сот орындаушының актісінде көрсетілген мекен-жайда борышкердің анасы мен қарындасы тұратыны, яғни борышкер сот орындаушыдан жасырынбайтыны аңықталды.

Сот аталған мән-жайларды ескере отырып, сот  жеке сот орындаушының борышкерге іздеу салу туралы ұсынысын  қанағаттандырудан бас тартты.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының атына алдағы уақытта ұқсас жағдайларға жол бермеуге және аталған мән-жайларға тиісті шаралар қолдану үшін жеке ұйғарым шығарып, анықталған атқарушылық заңнаманы бұзу фактілері туралы Батыс Қазақстан облыстық Әділет Департаментінің жеткізді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі