Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов облыстың бірқатар аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов үш күн ішінде облыстың  бірқатар аудандарын аралап, жергілікті тұрғындармен және аудан активімен кездесті.

Іс шараның ұйымдастырылу мақсаты жергілікті тұрғындарға азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған заң үстемдігінің тәжірибе жүзінде іске асырылу барысын түсіндіру. Сот төрелігіне қол жеткізуді жеңілдету және оның тиімділігін арттыру бойынша стратегиялық тапсырмаларды судьялар қоғамдастығымен жүзеге асыру. Азаматтарға Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жанғырту» бағдарламалық мақаласының негізгі идеясын жеткізу, соттарда дауларды шешу кезінде бітімгершілік рәсімдерді және ақпараттық технологияларды қолдануда өзара ынтымақтыққа шақыру.

Жұмыс сапарының алғашқы күнінде Б.Әметов Теректі және Бөрлі аудандарына болды, екінші күні Зеленов ауданының Переметное, Даринск ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, іс-сапарын Қаратөбе және Сырым аудандарында аяқтады.

Кездесуге жергілікті атқарушы органдарының басшылары, депутаттар, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және білім беру мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және аудандардың кәсіпорын басшылары, медиоторлар, құқыққорғаушылар, ауылдың ақсақалдары мен жергілікті тұрғындары қатысты.

Тұрғындармен кездесуде сот төрағасы ағымдағы жылдың 8 айының сот статистикасын былтырғы жылмен салыстыра отырып, облыс соттарымен қаралған істердің санының кемігендігін, бұл дауды сотқа дейін шешу институтының жақсы дамып жатқандығын айғағы  екендігін айта келіп, дауларды шешуде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін медиаторларды сотқа дейінгі сатыда тартудың қажеттілігі жөнінде хабардар етті.

Жалпы мәліметке сәйкес, жоғарыда көрсетілген аудандардың  53 ауылдық округтерінің акимат жанынан медиация кабинеті жұмыс істейді және онда 8 кәсіби, 57 кәсіби емес медиаторлар тіркелген. Ағымдағы жылдың 8 айында медиация кабинеттерінде 226 медиативтік келісім жасалған. Оның 46-сы азаматтық істер, 80-ні қылмыстық істер бойынша жүзеге асқан.Зеленов ауданының қос сотында, Бөрлі, Теректі, Қаратөбе, Сырым аудандық соттарында аталған кезеңде медиаторлардың қатысуымен 5 әкімшілік, 31 қылмыстық, 132 азаматтық істер бойынша медиативтік келісім жасалып, жалпы168 іс аяқталған.  

Азаматтар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізуді оңтайландыру бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асып жатқандығын, соның ішінде қылмыстық сот төрелігінің құрсауына түскен тұлғалардың түзелу жолына түсуіне, жұмыс табуына, әлеуметтік -отбасылық қатынастарын қалпына келтіруге қол ұшын беру арқылы қоғамнан өздерінің орындарын табуға көмектесу үшін сотқа дейінгі пробациялық рәсімдер қолданылатындығын түсіндірді.

Жаңа ақпараттық сервистердің енгізіліп жатырғандығын, электронды сот ісін жүргізу қарқынды дамуда екендігін және олардың кең қолданысы сот жүйесін ашықтығы мен шынайлығын орнатып, азаматтардың сот әділдігіне деген кез-келген күмәнін жоятынын баяндады.

Жергілікті тұрғындар, аудан белсенділері және медиоторлар қоғамдағы жанжалдарды азайтудың бір кілті болып табылытын бітімгершілік рәсімдерді қарқынды дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Жергілікті тұрғындар арасында медиацияның артықшылықтары жайлы осындай бастама жасап түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін сот төрағасына  алғыстарын жеткізіп, барлық азаматтарды соттан тыс дауларды шешуге белсенді қатысуға шақырды.

Облыстық соттың төрағасы Б.Ә.Әметов тұрғындарға құқықтық түсініктері және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда белсенді атсалысып жатқандары үшін алғысын білдірді.  

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тегтер: