Азаматтық істер медиациямен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Соттағы татуластыру рәсімдері» жобасын жүзеге асыру барысында, татуласқан даудың тараптары Жоғарғы Соттың Төрағасы Ж.К. Асановтың татуласу қашанда болмасын жанжалды шешудің ең жақсы жолы болғандығы және болатыны туралы пікірімен келісетіндігін бірнеше мәрте айтты. Татуласуға жасалған қадам, соттағы кез келген тараптың жеңісінен әлдеқайда игілікті.

Солай,  Казталов ауданының №2 аудандық сотымен, WatsApp мессенджерін қолдану арқылы, екі азаматтық іс, тараптардың медиативтік келісімдеріне байланысты тоқтатылды.   

Бірінші іс материалдарына сай, жауапкерлер Т. және К., 2017 жылы талапкер С-ның екі бас ірі қара малдарын алып кеткен. Осыған байланысты жауапкерлерден малдарының жалпы құны ретінде 500 000 теңге өндіріп беруді сұраған.

Екіншісінде, 2020 жылдың қазан айының 28 күні талапкер Т-ға тиесілі автокөлігі,  Жалпақтал-Казталов автожолында, жауапкер Т-ның  ірі қара малына соғылып жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Бағалаушының өткізген жылжымалы мүлікті бағалау есебі бойынша, жауапкердің ірі қара малымен (сиыр) соқтығысқан салдарынан көлік құралын жөндеуге 784424 теңге қажет ететіндігі анықталған. Сондықтан жауапкерден  784424  теңге материалдық залалды өндіруді сұраған.

Екі іс бойыншада тараптардың істі медиация тәртібімен реттеу туралы сотқа ұсынған арыздарынан оларға медиация тәртібімен істі шешуді және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуды сұраған.

Бірінші істегі келісім бойынша талапкер мен жауапкерлер татуласуларына байланысты, талапкер жауапкерлерден 2 (екі) бас ірі қара малдарының жалпы құндары ретінде 500000 (бесжүзмың) теңге өндіру талабынан бас тартады.

Ал екінші істегі келісім бойынша жауапкер 15 қаңтар 2021 жылға дейін талапкерге  жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген 266289 теңге шығынды (11.11.2020 жылғы жылжымалы мүлікті бағалау есебі бойынша) және бағалауға жұмсалған 35000 теңге көлемін (түбіртек бойынша), барлығы 301289 теңге көлемін қайтаруға міндеттелді, өз кезегінде талапкер жауапкерден жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген 784424 теңге материалдық залалды өндіруден бас тартты.

Сот келісімдерді бекітіп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Істер бойынша төленген мемлекеттік баж талпакерлерге қайтарылды.

Соттың ұйғарымдары  заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі