Азаматтық істер медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Медиация тараптарды татуласатыру кезіндегі рәсімнің бір түрі. Дауды жан-жақты және тараптардың өздерінің ерікті келісуі арқылы медиаторлардың қатысуымен дауды шешу жолы болып табылады.

Сөйтіп, Казталов ауданының №2 аудандық сотында екі азаматтық істер қаралып, біріншісінде, талап қоюшы М-ның талап арызы бойынша жауапкер Ж-ны отбасының мүшелерімен бірге Жалпақтал ауылы Маметова көшесі №10 тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруды сұраған.

Екінші іс бойынша талапкер С. жауапкер М-мен араларындағы некені бұзуды сұраған.

Сот талқылауы үшін талап арызды қабылдағаннан кейін және тараптарға татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары түсіндірілгеннен кейін, тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиация туралы келісімдер жасасты.

Сот медиация келісімдерінің талаптары, олардың формасы мен мазмұны бойынша, АІЖК-нің 176, 177-баптарының талаптарына сәйкес келетіндігін және заңға қайшы келмейтінін, басқалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындығын ескере отырып, осы келісімдерді бекітіп, іс жүргізу тоқтатылды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі