Аудандық сот жұмысының қорытындысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 аудандық сотында 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша жергілікті «Ауыл айнасы» газетінің тілшісінің  қатысуымен брифинг өтті.

Іс-шараны ашық деп жариялаған сот төрағасы Айвар Бижанов осы кезеңде қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерді өткен есептік кезеңмен салыстырып жариялады.

Атап айтқанда, 2020 жылдың 9 ай ішінде 47 тұлғаға қатысты 42  қылмыстық іс қаралды, оның 30-ы бойынша үкім шығарылып, 1 іс соттылығы бойынша жолданып, 1 іс қылмыстық іс бойынша жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылды, сонымен қатар, 10 іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәсілін қолданумен қысқартылып, бұл қаралған істердің 24% құрайды;  2019 жылдың осындай кезеңінде – 31 іс аяқталған, осылайша қаралған қылмыстық істер 11 іске көбейді.

Есептік кезеңде 84 азаматтық іс қаралып, оның 61-і бойынша шешім шығарылып,  15 азаматтық іс  тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен аяқталып, 1 іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілген болатын.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қаралған азаматтық  істердің саны 4 іске көбейгені байқалады.

 Сонымен қатар,  217 әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істер қаралып (өткен жылдың  есептік кезеңінде 211 істер қаралды), оның 161-сі бойынша әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарылды, 56 іс өндірісімен қысқартылды, соның ішінде медиациямен  44 іс аяқталды, бұл  барлық қаралған істердің 27% құрайды.

Баяндамашының айтуынша, жалпы, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің  қаралуы бойынша төмендеу байқалады, оған, сөзсіз, сотта және сотқа дейін тараптардың татуласу құқығын қамтамасыз ететін медиация әсер етеді.

Статистикалық мағлұматтан басқа, сот төрағасы электрондық сот төрелігі және сот ісін жүргізуді оңайлату бағытындағы жаңа технологиялар туралы, Жоғарғы Соттың «Татуласу: сотқа дейін, сотта», «Виртуалды сот», «Отбасылық сот» пилоттық жобалары бойынша мағлұмат берді.

Сондай-ақ, сот төрағасы сот жүйесі имиджін көтеру мақсатында аудандық сотпен тұрақты негізде мемлекеттік және басқа ұйымдармен, БАҚ өкілдерімен кездесулер, семинар, брифинг, дөңгелек үстелдер онлайн режимінде өткізілетінін атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, А.Бижанов сот төрелігінің алдында тұрған негізгі міндеттерді орындау жөніндегі жұмыс жалғастырылатынын атап өтіп,  шараға қатысушыларына  ынтымақтастық үшін алғыс айтып, әрі қарай қоғам игілігі үшін ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі