Ата-аналық міндеттерді орындамағанға жауапкершілік қарастырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабында ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген.

Теректі аудандық соты осындай істердің бірін қарап, ата-аналық міндеттерін орындамаған аудан тұрғынын ӘҚБтК 127 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот  оның кәмелетке толмаған баласы, теректі ауданының кешкі мектебінің 11 сынып оқушысы 12.01.2017 ж. – 14.02.2017 ж. аралығында дәлелді себепсіз сабаққа қатыспағанын анықтады.

Сот отырысында жасөспірімнің анасы кінәсін мойындады. Сот істі қарап, оған 7 АЕК, 15 883 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі