Ақсоғым ауылдық округінде жаңа ақпараттық технологиялар туралы түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі ауданының №2 сотының кеңсе меңгерушісі С.Х.Турегалиева Ақсоғым ауылдық округінің мамандарымен және ХҚКО мамандарымен  «Республика соттарында жаңа ақпараттық технологиялар» тақырыбына кездесу өткізді.

 Аталған шара   сот жүйесіндегі  ақапараттық технологиялар  азаматтарға және заңды тұлғаларға сот жүйесіне  қол жетерлік, ашықтық және айқындығы қамтамасыз ететіні халықтың сауаттылықты көтеру мақсатымен  өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі С.Турегалиева электрондық сот ісінің жеделдігі мен оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ оған азаматтардың қашықтан қатысу механизмін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында құрылған  «Сот кабинеті» сервисінің жұмысын түсіндіріп өтті. «Сот кабинеті» онлайн сервисі» сот ісін  жүргізу процесін біршама дәрежеде жеделдетуге мүмкіндік берген, осы жүйе нәтижесінде барлық азаматтар мекенжайына қарамастан,  санаулы  минуттарда сотқа арыз бере алады, ол үшін интернетке қолжетімділік және электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы тиіс.

С.Турегалиева «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Талдау» форумы және тағы басқа иновациялық бағдарламалардың жұмысының мүмкіндіктерін айтты.  Және де жаңа технология  - сотқа жүгінген азаматтардың уақытын үнемдеп, сот жүйесінің ашық және қолжетімді болатынын көрсетіп отыр деді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі