Мұрағат жұмысын жүргізу бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Ақжайық  аудандық сотында судьялар мен мамандардың және ауданның мемлекеттік мұрағатының өкілі А.Мырзағалиеваның  қатысуымен  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 16 мамырдағы  № 6001-16-7-4/98 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидасы және аудан мұрағатында орындалатын талаптар талқылау бойынша семинар сабағы өтті

Семинарда  аудан мұрағатының өкілі  мұрағат атауы 22.09.2016ж. Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің № 290 қаулысы бойынша  БҚО «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» болып өзгертілгенін хабарлап, қадиғаға сай құжаттар мен істерді  іріктеу, сақтау тәртіптерінің орындалуын, жоюға шығатын құжаттардың актісінің келісімге өткізу тәртібін түсіндіріп, сонымен қатар  сот мамандарымен қойылған сұрақтарына жауап берді.

Шара  соңында қатысушылармен талқыланған мәселелері назарға алынып, мұрағат жүргізу туралы  қағида талаптарын орындау бойынша нұсқаулықтар берілді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі