Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу институтының тиімділігі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігі бүгінгі таңда құқықтық мемлекетте өзіндік өлшем деңгейі заңдылықты сақтау, демократия қағидаларын, азаматтарды қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасындағы даму үдерісінде сот төрелігі үздіксіз. Сот төрелігінің рөлі мен маңызы өзекті саясатын жетілдіру. Даулар мен жанжалдар туындайтын негізінде заңдылық және әділдік  принциптерінің негізгі мақсаты сот төрелігі болып табылады.  Сонымен қатар, азаматтар сотта бұзылған құқықтарын қорғау үшін өтініш білдірген кезде олардың дауын тезірек қарап және қалпына келтіруге құқылы.

Сот ісін жүргізуді одан әрі оңтайландыру, істі қарау мерзімінің қысқартылған есебінен істерді жедел қарауды (бір ай мерзім ішінде), сотқа жүгінетін субъектілердің бұзылған құқықтарын және заңды мүдделерін сотпен тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу институты азаматтық процеске енгізілді.

ҚР АІЖК-нің 145 б. сәйкес, егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша;талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

Осылайша, БҚО Зеленов ауданының №2 аудандық соты ағымдағы жылдың 10 ай ішінде 90 азаматтық іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралды. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілген тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, берешекті өндіріп алу талап-арыздары  негізгі массасы осындай істер құрап отыр.

Тараптарға істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен жүргізу хабарлағаннан кейін, азаматтық істер оңайлатылған өндірісте қаралды.

                        

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспа-сөз қызметі