Сот актілерін орындау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық №2 сотында сот актілерін орындау тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтті. Шараға Зеленов ауданының прокуратура өкілдері, Зеленов ауданының сот орындаушылары және Зеленов ауданының Приурал ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері қатысты.            

Дөңгелек үстелде сот актілерінің ұзақ уақыт орындалмауының себептері, мемлекет пайдасына өндіруге жататын сот актілерді орындаудың маңыздылығы, орындау кезінде кездесетін қиындықтар, сот актілерін орындауда бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігі жөнінде сөз өрбіді.               

«Дөңгелек  үстел» барысында сот актілерін  және  атқару құжаттарын орындау бойынша мәселелер мен сұрақтар талқыланды, сонымен  қатар соманы  мемлекет кірісіне толтыру бөлігіндегі сот актілерін орындау сапасын жақсартуы үшін шаралар қабылдануына  назар аударылды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі