Зеленов аудандық №2 соты 2017 жылдың 1 тоқсандағы жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық №2 сотында «Ауыл тынысы» аудандық газет тілшісінің қатысуымен, соттың 2017 жылдың 1 тоқсанының  жұмысын қорытындылау мақсатында брифинг өткізді.

Брифинг барысында сотттың төрағасы Ш.Зайнуллина сотта қаралған істер санаты бойынша статистикалық мәліметтерді хабарлады.

2017 жылдың 3 айында  сотта барлығы  35 қылмыстық, 126 азаматтық және 184 әкімшілік іс қаралған. Барлық істерді қарау барысында қарау тәртібі мен мерзімі бұзылмаған.

Шара барысында спикер тілшіге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында Пилоттық жоба жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, пилоттық жобаны жүргізуге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, азаматтық істер қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысатынын баяндады.

Брифинг соңында сот төрағасы  БАҚ өкілінің сұрақтарына жуап беріп, шараға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі