Жаңақала аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік таныту мәселелерін және ден қою шараларын түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық сотында «Сотқа құрметтемеушілік таныту» тақырыбында құқық қорғау органдарының өкілдерінің және «АЖАР» Жаңақала ауданының әйелдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Бұл тақырып өзектілігі елімізде сот билігінің имиджін үнемі нығайтумен,  қоғамның сотқа және тұтас мемлекеттік билік институтына құрметпен қарауды қалыптастырумен байланысты.

Сот төрағасының м.а. Мереке Шүкіров сотқа құрметтемеушілік бойынша жауапкершілік сот процесіне шақыту алған тараптардың дәлелді себепсіз сотқа келмеуі жағдайында тағайындалатынын атап өтті. Бұндай жағдайда соттың істі тараптардың қатысуынсыз қарауы мүмкін емес. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабына сәйкес, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзу, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) сотты құрметтемеушiлiк болып табылады. Сонымен қатар, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот талқылауы барысында, сондай-ақ сот процесінен тыс  жерде бұзушылыққа жол берген тұлғаларды жауапқа тарту тәртібін түсіндірді.

Прокурор Асылжан Карин сотқа құрмет көрсетпегені үшін процестік мәжбүрлеу, әрекет ету және жауаптылық шараларын реттейтін нормалар туралы түсіндірді. Оларға сот отырысының залдарынан шығарып жіберу, айыппұл, мәжбүрлеп әкелу жатады және құқық бұзушылықтарды жасағанан кейін тұлғаға дереу қолданылады. 

Дөңгелек үстел қорытындылай келе, қатысушылар сот мәжілісінің тәртібін бұлжытпай сақтау, сотқа кұрметтемеушілік таныту фактілеріне жедел әрекет ету және ҚР ӘҚБК-нің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде ортақ пікірге келді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі