Үйден шығару туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық соты барлық отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үйден шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы өзінің жұбайы қайтыс болған кейін қалған жер учаскесімен тұрғын үйді мұраға қабылдаған. Алайда, аталған үйде қайтыс болған жұбайының әпкесі  отбасы мүшелерімен тұрып жатқан және   үйді ерікті түрде босатпай, салдарынан иесінің құқығы бұзылған.

Сот отырысының барысында пилоттық жоба бойынша медиация тәртібінде  дауды шешу мүмкіндігін түсіндірген соң, тараптар сот медиациясын өткізуге ниет білдірген. Келісім шарттары бойынша талап қоюшы өзінің талап арызынан бас тартып, ал жауапкер барлық отбасы мүшелерімен келісілген мерзімге дейін тұрғын үйден шығуға және коммуналдық қызметтері бойынша берешектерді төлеуге міндеттелді.

Сот, ұсынылған келісімді қарап, АПК-нің 277 бабы 6)  тармағының негізінде бекітті. Талап қоюшыға 1135 теңге мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі