Украина азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Зеленов аудандық №2 соты көші-қон заңнамасын бұзған Украина азаматына қатысты әкімшілік ісін қарады.

Іс материалдарына сәйкес, шекаралық бекет қызметкерлері құжаттарды тексеру барысында ҚР аумағында көші-қон заңнамасымен белгіленген мерзімнен астам ішкі істер органдарында тіркеусіз сонымен қатар, соңғы шығу визасы болмаған ер адам анықталған.   

ҚР Үкіметі мен Украина Министрлер кабинетінің 19.05.2000 жылы "Азаматтардың өзара сапарлары туралы" арасындағы келісімге сәйкес, көші-қон карточкасында шекаралық бақылау органдарының белгісі бар, егер мұндай болу мерзімі 90 күннен аспайтын болса екі ел азаматтары басқа мемлекеттің аумағында болған кезде жері бойынша құзыретті органдарында тіркеуден босатылады. Басқа мемлекеттің аумағында 90 күн болған азаматтарда, мемлекеттің қабылдау визасы болуы міндетті.

Сот іс материалдарын зерттеп, Украина азаматын ӘҚБтК 517 б. 2 б. әкімшілік жауапкершілікке тартып өндіріп алу түрінде 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: