Орал қалалық №2 сотының қызметкерлері «Донор күні» акциясына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық №2 сотының қызметкерлері Орал қаласындағы облыстық қан орталығының бастамасымен жүргізілетін жыл сайынғы "Донор күні" акциясына қатысты.

Облыстық қан орталығының дәрігерлер бригадасы Орал қалалық №2 сотының алды ала қан алу шараларын жүргізуге дайындаған бөлмесінде донорларды қабылдады. Соттың 20-дан астам қызметкері  донор болуға ниет білдірді. Сотта тұрақты түрде қан тапсыратын донорлардың бар екенін айта кету қажет.

Қан құю арқылы жыл сайын миллиондаған адамның өмірі сақталады.

Қан орталығының дәрігері өз кезегінде қан тапсыру шарасына белсенді қатысқан қызметкерлерге алғысын білдірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі