Базалық сотта ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 сотында Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен бірлесіп, 2018 жылға арналған базалық соттың жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау мақсатында семинар өткізілді,оған жоғарыда аталған соттар төрағалары мен судьялары қатысты.

Орал қаласының №2 сотының төрағасы Азамат Борамбаев Президент Жолдауы- алдағы жылдарға мемлекеттің болашағын анықтау бойынша стратегиялық бағыттарын белгілейтін саяси құжат екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның алға қойған мақсаттарына жетуіне көмектесетін, заңның үстемдігін, жемқорлыққа қарсы күрес, инновациялық технологияларды және экономиканы дамытуын қамтамасыз етуіне бағытталған 10 тапсырма қойды.

Орал қаласының №2 сотының судьясы Сәкен Нахипов өз баяндамасында ағымдағы «Жолдаудың» негізгі бағыттарын толығырақ сипаттады.
Ол шешімі Қазақстанның әлемнің 30 жетекші елінің қатарына кіруіне жағдай жасайтын ел азаматтарының алдына қойылған басты міндеттерді атап өтті.

Баяндамашы басымдықтардың бірі сот жүйесіне тікелей қатысты екенін ерекше атап өтті. Бұл жемқорлыққа қарсы күрес және заң үстемдігі. Мемлекеттік органдардың қызметтерің цифрландыру маңыздылығын, олардың қоғаммен өзара іс-қимылын, атап айтқанда, азаматтар өздерінің өтініштері қаншалықты қаралып жатқанын көріп , уақытында сапалы жауаптар алу қажет.

Семинарға қатысушылар Елбасының Жолдауы біздің еліміз үшін маңызды әлеуметтік-саяси оқиға екендігін бірауыздан пікірледі.

Кездесу соңында А.Борамбаев барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының бағыттарын жүзеге асыруға өз үлесін  қосуға шақырды.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі